30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚол ишарасы әлемнің әр мәдениетінде әртүрлі мағына береді. Кей елдерде достасу, бейбітшілік деген мағына беретін ишаралар басқа елдердің мәдениетінде дөрекі түрде екінші адамды жек көретіндігін айту болып есептеледі екен. Шетелдік адамдарды абайсызда ренжітіп алғыңыз келмесе төмендегі мақалаға көз салыңыз.
Бас бармақты жоғары көтеру (Лайк) ишарасын Таяу Шығыс елдерінде, Латын Америкасында, Батыс Африкада, Ауғанстанда көрсету өте дөрекі болып есептеледі. Бұл ишара ол елдерде сөйлесіп тұрған адамыңызға «жоғал» деп айтудың балама түрі екен.
көп елдерінде, әсіресе Оңтүстік Азия елдерінде дәретхана қағазы қол жетімді емес заттардың бірі. Сол себепті, сол қолмен жасалған заттың барлығы «таза емес» болып есептеледі. Одан басқа тағы бір себеп, Құранда Ібіліс солақай болып көрсетілген. Өзіңіз білетіндей, Африка елдерінің біразы және Индия сияқты Оңтүстік Азия елдерінің дені мұсылман.
Әлемге «бәрі жақсы» деген мағынамен белгілі «ОК» ишараты Бразилияда тіпті басқа мағынада қолданылады екен. Егер Бразилияда «ОК»-ді сәл қисайтып көрсетсеңіз сөйлесіп тұрған адамыңызды «алысқа аттандырып» жібересіз. 1950 жылдары АҚШ-тың сол кездегі президенті Ричард Никсон осы Латын Америка еліне келгенінде қоймастан «ОК» ишаратын ұшақтан түсіп, кеткенге дейін қайта-қайта көрсетіп, бразилиялықтарды біраз жерге «апарып тастаған» екен.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды