Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қылмысты жасыруға көмектесті деген күдікпен Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановқа адвокаттар сұрап қойып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаевтың айтқан деректері бір-біріне қарсы шығып, оқиға мүлде басқа бағытқа ауды. Қуандық Бишімбаев бұрынғы әйелі мен Бақытжан Байжанов бірігіп, өзін бопсалағанын да айтып қалды. Сондай-ақ Бишімбаевтың ата-анасының пәтері Байжановтың атына жазылғаны анықталды. Ал Байжановтың айтуынша, кісі өлімі бойынша күдікті өзін жәбірленуші етіп көрсетіп отыр.
Оның бұл іске түк қатысы жоқ, бірақ мен пәтерді қайтарып беремін. Маған оның пәтері керек емес. Қайдағы бір құжаттарды айтып отыр. Бишімбаевты тыңдасақ, жәбірленуші сол сияқты. Ол қанішер ғой, - деп жауап берді Бақытжан Байжанов.
Кейін прокурор Байжановтың "қанішер" деген сөзін түсіндіріп кетуін сұрады.
Ол адам өлтірді. Сол кезде басқа Бишімбаев еді, қазір тіптен басқа Бишімбаев тұр.. Ол жылап, "қолыммен істегенді мойныммен көтеремін, әке-шешемнің, балаларымның көзіне қалай қараймын" деген еді, - дейді Байжанов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді