Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДенсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды өкпе скринингінен өтуге шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 1-3 тамыз аралығында еліміздің мемлекеттік онкология орталықтары барлық азаматты өкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған ашық есік күндеріне шақырады. Іс-шара жыл сайын 1 тамызда аталып өтетін Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылған, деп мәлімдеді ДСМ.
Ашық есік күндері шеңберінде барлық азамат онкологтың білікті консультациясын тегін ала алады және көрсетілімдер болған жағдайда өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өте алады. Бұл қызметтер өкпе обырының ықтимал белгілерін ерте анықтауға және тұрақты тексерулердің маңыздылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған, – деп қосты ведомство.
Өкпе обыры – Қазақстандағы ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын шамамен 3500 жаңа жағдай анықталады. Аурудың негізгі себебі темекі шегу саналады. Бұл барлық жағдайдың шамамен 90%-ын құрайды.
Ауруды ерте анықтау сәтті емдеу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Қазақстандық онкологтар 45 пен 69 жас аралығындағы темекі шегушілерге жыл сайын өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өтуді ұсынады.
Әсіресе, келесі белгілер болған кезде консультация алу керек:
Қабылдау 20 мемлекеттік онкология орталығында тегін өтеді. Алдын ала жазылу талап етілмейді. Жеке куәлік болса жеткілікті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?