Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда төрт жастағы Хантөрені сабап өлтірген өгей әкесіне қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот Дархан Дәулетовті ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оны педагогикалық лауазымды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті.
Сотталушы енді жәбірленушілерге, яғни марқұм Хантөренің туған әкесіне 10 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.
Еске салсақ, қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болды. 19 жастағы студент өзі оқитын колледждің мұғалімімен көңіл қосып бірге тұрған. Кейін сол азаматтық некедегі әйелінің баласын әбден сабап, балабақшаға апарған. Баланы ұрғаннан бауыры мен бүйрегі езіліп кеткен, ішегі үзілген. 4 жастағы Хантөре балабақшаға бар болғаны 17 күн барған. Қатты соққы алған Хантөре бес күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады