12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе облысы Саркүл ауылында үш баланың анасын аса қатыгездікпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады. Олар 2022 жылы ажырасып кеткен. Ер адам басқа әйелмен кетіп, балаларына мүлде алимент төлемеген. Алайда, екі жылдан соң, бұрынғы отбасына, балаларына келген. Әйел оны қайта қабылдаған.
Қайғылы оқиға болған түні ер адам Ақтөбеден таксимен келіп, оған ауылдың шетінде күте тұруын өтінген. Яғни, қылмыс алдын ала жоспарланған. Күйеуі келгенде Айбану шай қоймақ болып, теріс бұрылады. Сол сәтте ер адам шабуыл жасап, қылқындырып өлтірген де, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл уақытта балалар басқа бөлмеде ұйықтап жатқан, - деп жазды Таңсәрі.
Қоғам белсендісінің айтуынша, ер адамның бұл қылмысқа баруына екеуіне ортақ пәтерді бөліскісі келмегені себеп. Айбану ажырасқан соң, жылжымайтын мүліктің жартысын сұрай берген. Яғни, балаларда баспана болғанын қалаған.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатр. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер