Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты2 қаңтарда полицейлер көшелерді патрульдеу кезінде Toyota Highlander жүргізушісін бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өткені үшін тоқтатты. Жүргізушінің әрекетінде инспекторлар масаңдықтың белгісін байқаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейдің құжат көрсету туралы заңды талабын орындамай, құқық бұзушы оқиға орнынан жасырынбақшы болды.
Қауіпті жүргізушіні тоқтату және жол қозғалысының өзге қатысушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай автокөліктің алдына шығып, жолына тосқауыл болды. Бірақ, рулдегі ер адам полицейге қарай қозғалысын жалғастырып, оны капотында бірнеше метрге дейін алып жүріп, оқиға орнынан бой тасалады.
Күдікті анықталып, ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес ол есірткілік масаң күйде болған.
Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары басталды. Ұсталған азамат қамауда.
Билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды