23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіРаушан Оразбаеваның лекция-концерт өткізудегі мақсаты – бүгінге дейін қаймағы бұзылмай жеткен қазақтың қобызшылық өнерін, оның өкілдері мен шығармаларын қалың көпшілікке кеңінен насихаттау.
Шара барысында қонақтар қобызшы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Раушан Оразбаеваның дәрісін тыңдап, Астана қалалық №1 музыка мектебінің «Қобыз-Рух» ансамблінің өнерін тамашалады.
Раушан Оразбаева әлемнің көптеген елдеріне барып, көнеден келе жатқан дәстүрлі аспабымыз – қобызды насихаттап жүр. Оның айтуынша шетелдіктер қобыздың тарихы мен қоңыр үніне ерекше қызығушылық танытатын көрінеді. «Қобыз әуендеріндегі сарын көне заманнан бүгінге дейін өзінің өзегін сақтап келген. Сәйкесінше, әр күйде негізгі сарын болады. Міне осы негізгі сарын еш уақытта өзгермейді. Ал осы негізгі сарынның айналасында әр орындаушының өз жанынан қосып, әрлеп, дамытуы нәтижесінде кобыз күйлері түрленіп отырады, – дейді Раушан Оразбаева.
Аталған шара «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты музейлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Алмас САУДАМБАЙ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады