6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШығыс Қазақстан облысында халық саны аз екі елді мекенді біріктіру мәселесі қаралуда. Катонқарағай ауданындағы Шұбарағаш пен Үлкен Нарын ауданындағы Құндызды ауылдары басқа ауылдар құрамына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық мәслихат сайтында жарияланған жобада:
Бұл шешімнің негізгі себебі - тұрғындардың азаюы мен әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы.
Ауыл тұрғындары бұрын халық көп болғанын, мектеп пен ферма жұмыс істегенін айтады, бірақ қазір тек бірнеше адам қалды, көбісі қарттар. Дүкен жоқ, қыста жол қармен жабылады, күнкөріс қиындап кеткен.
Аудан әкімдігі тұрғындарды алаңдамауға шақырып отыр. Жоспар бойынша үлкен ауылдарға қосылу әлеуметтік нысандарға қол жеткізуді жеңілдетеді: мектеп, дәрігерлік пункт, дүкен мен жол сияқты қызметтерді пайдалану мүмкіндігі артады. Бұл әкімшілік шара халыққа көрсетілетін қызметтерді жақсартуға бағытталған.
Ауылдарды біріктіру мәселесі тұрғындармен талқылаудан кейін облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында қаралады.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда тағы 30 ауылды біріктіру немесе тарату мүмкіндігі айтылған, оның бесеуі қазірдің өзінде таратылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі