23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары кітаптар, компьютер, проектор, фотосессияға сертификат және басқа да естелік сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Бұған дейін байқау жеңімпаздарының есімдері белгілі болғаны хабарланды. Олар Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушылары, Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің 11 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары болды.
Байқау жеңімпаздарына Оқу-ағарту министрлігі атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Бейнеролик арқылы ұстаздарын кәсіби мерекемен ерекше құттықтаған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Обаған орта мектебінің 4-сынып оқушылары сыныпқа қажетті кітаптар, жаңа компьютер және проектор алды.
Талдықорған қаласындағы №4 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушылары түлектерге арналған фотосессияға сертификат пен картина сыйлыққа алды.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларына көркем кітаптар мен сыныпты қажетті оқу құралдарымен жабдықтауға ақшалай қаражат берілді.
Оқу-ағарту министрлігі жеңімпаздарды құттықтап, оқуда және шығармашылықта табыс тілейді!
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік