13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында қатысушылар электр станциялары мен желілердің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің дайындығы, сондай-ақ өңірлерде отын дайындау мәселелерін талқылады.
Еліміздің көптеген өңірлерінде жылыту маусымы басталып, штаттық режимде өтуде, оңтүстік өңірлерде 10-15 қазан аралығында басталады деп жоспарлануда. 30 қыркүйекте энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау аяқталды.
Дайындық паспортын алу қағидаларына сәйкес оларды беру мерзімі 19 қазанға дейін созылады. Қазіргі уақытта энергетикалық кәсіпорындардан келіп түскен құжаттарды қарау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 161 өтініш келіп түсті, оның ішінде 77-сі (54 станция, 23 желі) берілді, тағы 84 (40 станция, 44 желі) қаралуда.
Кеңес қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау және отынның нормативтік қорын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды