23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКәрі құрлықта өткен әлем кубогында ұлттық құрама қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль түсті. Тимур Хайдаров жеке каноэда ескек есуде 200 метрлік спринтте алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, каноэда 200 метрге жұптасып өнер көрсетуде Тимур Хайдаров пен қызылордалық Мерей Мейірбеков күміске қол жеткізді. Ал қола Сергей Емеляновтың еншісінде. Жалпы әлем кубогының бұл кезеңдерінде 63 елден 630 спортшы қатысқан.
«Мен 200 метрде жеңімпаз боламын деп ойламадым. Себебі, каноэмен 200 метр жүзуде бір қателессең болды, қалып қоясың. Финалда Қытай мен Украинадан келген өте мықты қарсыластарым болды. Сол жағымдағы қытайлық спортшы өткен жылғы әлем кубогында күміске қол жеткізген. Ал, оң жағымдағы украин спортшысы 2012 жылы нақ осы қашықтықта олимпиада жеңімпазы болған. Олар орнынан өте шапшаң қозғалады. Мен олардан қалмауға тырыстым. Сөйтсем, тіпті, озып кетіппін», - дейді әлем кубогының жеңімпазы Тимур Хайдаров.
Енді Риода өтетін Олимпиада ойындарына оқу жаттығу жиынын біздің жігіттер Беларусьте өткізбек. Содан соң, Чехияда жалғастырады. Ал Бразилия жеріне Олимпиада басталуына 3 күн қалғанда баруды жоспарлап отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады