22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы болып Нұрбек Матжани тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz.
Нұрбек Матжани - Northwestern университетінің менеджмент магистрі, жеке консалтинг.
Білімі: 2007 - 2011 ж.ж. – Машина жасау бакалавры, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы); 2018 - 2020 ж.ж. – Инженерлік менеджмент магистрі, Northwestern University, Эванстон, Иллинойс, АҚШ.
Еңбек өтілі: «WikiBilim» қоғамдық қорында үйлестіруші, президент; Қызылорда облысы әкімінің аппаратында маман; «Bilim Media Group» ЖШС-де басқарушы директор, «Atom Media» ЖШС-де атқарушы директор қызметін атқарған. 2020 жылдан бастап жеке консалтинг.
***
Сондай-ақ, бұған дейін осы қызметті атқарған Қазбек Өмірзақұлы Майгелдинов «Қоғамдық келісім» РММ директоры болып тағайындалды.
Қазбек Майгелдинов 1983 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген.
2005 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Тарих» мамандығы, 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің магистратурасын «Археология және этнология» мамандығы, 2018 жылы Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы, 2021 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді.
«Археология институты» РМҚК жалпы археология бөлімінің ғылыми қызметкері; ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде маман; Еуразиялық интеграция институтының Ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы; «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған.
2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамына кірді.
«Блогосфера көшбасшысы-2020» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері. 40-тан астам ғылыми мақала авторы.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев