18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты. Ал 2-орынға 3 алтын медалі бар Сингапур құрамасы еніп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алтын:
Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;
Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;
Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;
Күміс:
Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;
Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;
Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;
Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;
Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;
Қола:
Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;
Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;
Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;
Еске салсақ, биыл Азия кубогында 23 мемлекеттен келген 320-ға жуық спортшы бағын сынауда. Дүбірлі дода 22 ақпанда аяқталады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр