Нысана көздеуден ел чемпионаты: Алғашқы күнде алматылық мергендер топ жарды

15 Ақпан, 05:10 857

Шымкентте нысаналық көздеуден Қазақстанның командалық біріншілігі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, чемпионаттың алғашқы күнінде винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде ерлер арасында Алматы қаласының командасы 30 ұпай жинап, топ жарды. Шымкенттік мергендер 25, Павлодар спортшылары 20 ұпайға ие болды.  

Тапаншамен 10 метрден оқу ату сайысында әйелдер арасында алматылықтар 30 ұпаймен алға шықты. Шымкенттік команда 25 ұпайға, павлодарлық мергендер 20 ұпай алды.  

10 метрден жылжымалы нысана көздеуде әйелдер арасында Шымкент командасы топ жарды. Одан кейін Алматы, ал үшінші орынға жамбылдық мергендер жайғасты.  

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: