Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБангкокте (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы өтіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге спортшыларымыздың қоржынында 13 жүлде бар.
Алтын медаль иегерлері: Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп); Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату); Никита Шахторин, Константин Малиновский, Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, командалық жарыс, жатып ату); Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай); Юрий Юрков, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай, командалық жарыс).
Күміс жүлде иегерлері: Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс); Валерий Рахимжан (пневматикалық тапанша); Ислам Сәтпаев (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Чирюкин (жылдам ату тапаншасы); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай).
Қола жүлдеге ие болған спортшылардың қатарында Александра Ле (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Шахторин (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату).
Айта кетейік, Бангкоктегі жарыстар әлі жалғасуда. Турнирде әртүрлі жас санаттары бойынша да жүлделер сарапқа салынады. Азия кубогы 22 ақпанда аяқталады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары