30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты16-30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеуден және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық додасына Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дүбірлі дода екі аптаға жалғасады. Чемпионат қазақстандық спорттық ату федерациясының ұйымдастыруымен және Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде өтеді.
Министрлік мәліметінше, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы Азияның таңдаулы мергендері барлық дисциплина бойынша (тапанша, винтовка, жылжымалы нысана көздеу, стенд ату) өзара бақ сынайды.
Азия біріншілігінде 700-ден астам медаль сарапқа салынады. Нысана көздеу бағдарламасында спортшылар пневматикалық тапанша (10 м), тапанша (25 және 50 м), винтовка (10 және 50 м), сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуден жекелей және командалық сындарда бақ сынайды. Стенд атуда трап, скит, скит-микс, трап-микс, дубль, жекелей және командалық бәсекелер өтеді.
Айта кетсек, мергендер додасына Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Азия нысана көздеу қауымдастығының (ASC) президенті шейх Салман әл-Сабах, Араб елдері және Кувейттің нысана көздеу федерациясының президенті Дуайч Алотайби, ISSF бас хатшысы Александр Никотра Сент-Джеймс қатысады деп күтілуде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды