11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы 15-ші «Ұлы Дала» шағын ауданында болып, жылу жүйесінің кеңейту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін аталған шағын аудандағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлердегі жылытуға қатысты мәселелер әлеуметтік желілерде көтерілген болатын. Нақтырақ айтқанда, тұрғындардың пәтерлердегі жылу температурасының төмендігіне байланысты шағымдары жиілеген. Соған сәйкес қалалық құрылыс және тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері «ТаразТрансЭнерго» мекемесінің мамандарымен бірлесіп тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі жылу тораптарын тексеру жұмыстарын жүргізген.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, тексеру кезінде беру құбыры мен қайтару құбырындағы қысым бірдей екендігі, яғни, салқындатқыштың айналым қозғалысы жоқтығы анықталған.
Осыған байланысты, «ТаразТрансЭнерго» кәсіпорнына жылу трассасында айналымды арттыру үшін магистральдық кері жылу желісіне сорғылар орнату ұсынылған.
«ҚұрылысИнвестЖоба» ЖШС жобалау ұйымына сорғы станциясын орнату орнын таңдау және сорғылардың қуатын есептеу бойынша тиісті тапсырмалар берілген.
Облыс әкімі қыс мезгіліндегі жылу деңгейінің төмендігіне қатысты тұрғындардың шағымы орынды екенін атап өтіп, бұл мәселені бір апта ішінде шешуді тапсырды. Жауаптыларға жан-жақты жұмыстар жүргізіп, жедел шаралар қабылдау бойынша нақты міндеттер жүктелді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес