7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрғалығымен өткен кеңесте бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі тұрақтандыру қорын негізгі әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерімен толтырып отыру жұмыстарын үздіксіз атқарып, сауда орындарында үстемеақыны 15 пайыздан асырғандарға айыппұл қолдану және өндіру шарасын күшейту керектігін баса айтты. Сондай-ақ, сауда дүкендерінің сөрелерін өз өңірімізде өндірілетін өнімдермен барынша қамту маңыздылығын атап өтті.
Форвардтық келісім-шарттарды арттыра отырып, олардың нақты іс жүзінде нәтижелі орындалуы да назарда болу керектігін ескертті.
«Мемлекет тарапынан халықтың жағдайын жақсарту, тұрмысын арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Бұл орайда өңірлік деңгейлерде бағаны тұрақтандыру, бақылау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуі маңызды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген», - деді Нұржан Нұржігітов.
Кеңес қорытындысымен облыс әкімі жауаптыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті шараларды қабылдауды, «Айналым қаражаты» схемасы бойынша бөлінген қаржыны игеруді, сауда орындарына делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі тапсырманың сапалы орындалуын қадағалауды, көктемгі егіс-дала жұмыстарын мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, «Ауыл аманаты» жобасы аясында елді мекендерде жобаның сапалы іске асырлуын арнай жұмыс тобын құрып тұрақты зерделеуды тапсырды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?