23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Абай облысының тумасы Нұрсұлтан Тұрсынов (жеке бапкері Ерғазы Сағынаев) 87 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін бәсекеде олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкқа есе жіберді.
Дегенмен жарыс шарты бойынша жеңіліп қалғандар үшін тағы бір жолдама ойнатылды.
Бұл белдесуде Нұрсұлтан әзербайжандық Ислам Аббасовты 8:0 есебімен бет қаратпай, айқын басымдықпен ұтты.
Сөйтіп өз салмағында бесінші орынға табан тіреп, олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Осылайша, күрес түрлерінен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасына қос жолдама бұйырды.
Бұған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола жүлдегер атанып, олимпиада лиценциясын қанжығасына байлаған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік