Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСербияда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Белградтағы сынның алғашқы айналымында Италия балуаны Мирко Минкуззиді 5:2 есебімен ұтты. Ал екінші айналымда оңтүстіккореялық Санг Паркты 6:1 нәтижесімен қапы қалдырды. Ал ширек финалда ирандық Наср Әлизадехтен 9:4 ұпайымен басым түсті. Енді Н.Тұрсынов жартылай финалда түрік балуаны Әли Ченгизбен өзара мықтыны анықтайды.
Бұдан бөлек, 67 келіде күрескен Алмат Кебіспаев алғашқы айналымда жеңіске жеткенімен, екінші кезеңде француз спортшысынан ұтылып қалды. Ал Франция спортшысы келесі кезеңде қырғыз балуанынан айласын асыра алмады. Ал 63 келіде күрескен қазақстандық Мұхамедәли Мамырбек алғашқы белдесуінде ресей спортшысынан 5:5 нәтижесімен ұтылып, жарысты аяқтады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек