Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіСербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз жауапты белдесуде түрік балуаны Әли Ченгизге есе жіберді. Маңызды кездесуде Нұрсұлтан Тұрсынов 5:3 есебімен ұтылды. Енді ол ертең қола жүлде үшін күресетін болады.
Ол Белградтағы сынның алғашқы айналымында Италия балуаны Мирко Минкуззиді 5:2 есебімен ұтқан еді. Ал екінші айналымда оңтүстіккореялық Санг Паркты 6:1 нәтижесімен қапы қалдырды. Ал ширек финалда ирандық Наср Әлизадехтен 9:4 ұпайымен басым түскен болатын.
Сондай-ақ, 67 келіде күрескен Алмат Кебіспаев алғашқы айналымда жеңіске жеткенімен, екінші кезеңде француз спортшысынан ұтылып қалды. Ал Франция спортшысы келесі кезеңде қырғыз балуанынан айласын асыра алмады. Ал 63 келіде күрескен қазақстандық Мұхамедәли Мамырбек алғашқы белдесуінде ресей спортшысынан 5:5 нәтижесімен ұтылып, жарысты аяқтады.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?