Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы әлем чемпионатының жартылай финалында тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті жеңіп, ертең өтетін финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі палуан арасындағы айқас 12-2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл Нұрқожаның карьерасындағы әлем чемпионатының екінші финалы болмақ. Ол 2019 жылы еліміздің астанасында болған бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген.
Бүгін Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңді.
Еркін күрестен финалдар ертең түнде Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Қарсыласы Жапония немесе Бейтарап атлет болмақ.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар