29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМолдова билігі бірқатар әртістердің ел аумағында өнер көрсетуіне шектеу қоюы мүмкін. Тізімде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров та бар.
Молдованың Мәдениет министрлігі концерт ұйымдастырушыларына Сабыровпен қатар ресейлік әртістер Олег Винник пен Диана Арбенинаны іс-шараға шақырмауға бұйырды. Ведомство олардың қатысуымен өтетін іс-шараларды қазіргі жағдайда «орынсыз» деп бағалаған.
Ресми мәлімдемеде ұйымдастырушыларға келісімшарттарды қайта қарау немесе бұзу ұсынылған. Аталған әртістердің елге кіре алмауы салдарынан концерттер өтпей қалуы мүмкін екенін ескерткен.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабыровқа қатысты басқа елдерде де шектеу туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ оның әрекеттеріне байланысты Қазақстанда да тиісті органдар тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек