26.01.2024
12:16
1384
Нұрлан Сабуров Хабиб Нурмагомедовпен жаттығу өткізді

Нұрлан Сабуров Хабиб Нурмагомедовпен жаттығу өткізді

Қазақстандық және ресейлік әзілкеш Нұрлан Сабуров жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жаттығу сессиясын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ортақ суреттерді Нурмагомедов өз парақшасында жариялады.

Көптен бері алғаш рет көлемді сұхбат бердім, - деп жазды спортшы.

Негізі Нұрлан да спортқа жақын екенін көпшілік біледі. Ол жастайынан бокспен айналысқан, әлі күнге дейін жаттығуларға барып тұрады.