12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің отбасы мүшелеріне қатысты қылмыстық істер қозғалғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұржан Нұрланов пен Ерлан Зайроллаұлына қатысты түскен шағымдар қазір қаралып жатыр. Бірдеңе деп айтуға әлі ерте. Арғын Нығматулинге келетін болсақ, бұл істі Бас прокуратураның қарауда. Осыған дейін айтқанымдай, бұл Қарағанды облысындағы хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегіне қатысты. Ол халықаралық іздеуде жүр. Оның орналасқан жерін анықтаған соң, экстрадициялау бойынша шаралар қабылданады, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің туған ағасы Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Антикордың мәліметінше, ол тергеу басталмай тұрып-ақ Қазақстаннан кетіп қалған. Кейінірек Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты да тергеу амалдары жүріп жатқаны белгілі болды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер