Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАуыз ашу дұғасы араб тілінде оқу маңызды емес дейді Нұрлан имам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, көпшілікке танымал Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында оқырманның сұрағын жауап берді.
Ауыз бекітіп, ашқанда неге дұға оқимыз? Біріншіден, осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашқан кезде бір дұға қабыл болады деп айтылған. Осы сәтті пайдаланып, жақындарымызға, елімізге, отбасымызға шын жүректен дұға етуіміз керек. Өйткені миллиондаған адамның дұғасы қабыл болса, жақсылықтың еселенетіні сөзсіз.Ал дұғаны тек араб тілінде жасау міндетті емес. Қазақ тілі – мағыналы, шұрайлы тіл. Сондықтан дұғаңызды ана тілімізде жасай беріңіздер. Қазақша айта беріңіздер. Ауыз бекіткенде ниетті жүректен жасау жеткілікті, ал оны дауыстап айту – сауап, – деп түсіндірді имам.
Имамның бұл жауабы көпшіліктің көңілінен шығып, әлеуметтік желі қолданушылары ризашылықтарын білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді