Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөпшілік арасында Нұрлан имам аталып кеткен Нұрлан Байжігітұлы адамдарды біреуді қарғаудың соңы жақсы болмайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқырмандардың бірі имамнан біреуді қарғаудың, өлім тілеудің салдарын сұрады.
Маған бір азамат келіп, ебіл-дебіл боп жылады. Сонан соң былай деді: «Анам дүниеден өтіп кетті. Сол кісі кішкентай кезімізде бәрімізді «тұқымың құрғыр» деп ұрысатын. Алдымда екі ағам бар, екеуінің де баласы жоқ. Мен – үшіншісімін. Менде де бала жоқ».
Сондықтан, құрметті аналар! Жақсы сөз – жарым ырыс. Балаңыздың бақыты да, қиянат-қиыншылығы да – сіздердің қолдарыңызда. Жақсы сөз айтыңыздар. Періште «әумин» дейді. «Ұрпағың жайылғыр, көсегең көгергір» деп айтатын аналардан тарамап па едік?! Сөзімізге қарғыс пен лағынет араласатындай не болды?!
«Алладан үмітіңді үзбе» деп дұға етіп жібердім, — дейді Нұрлан имам.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?