Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл туралы Нұрлан Әуесбаев кандидаттардың теледебатында айтты, деп хабарлайды El.kz.
Теледебаттың үшінші кезеңінде кандидат Нұрлан Әуесбаевқа бейнесұрақ қойылды. Сұрақта: «Неге бұған дейінгі президенттік сайлауларға «Ауыл» париясының атынан бірде бір кандидат қатыспады. Ал биыл не себепті қатысам деп шештіңіздер?» делінді.
«Біздің партиямыз барлық саяси науқандарға қатысып жүр. Бірақ 2019 жылы байкот жариялап қатыспаған болатын. Себебі, ол кезде мен бұл партияда болмадым. Дегенмен, партия атынан кандидат ұсынды. Ол кісі қатысудан бас тартқан болатын. Ал 2021 жылғы жағдай да еріксіз байкот жариялауға тура келді. Өйткені, біздің партияны экстремистік бағыттағы сотты болған адамдар пайдаланып, біздің партияның атына зиян келтіруі болғансын және оларды біздің партия енгізіп жіберуі мүмкін болған соң бас тарттық. Егер біз партиямыздың атынан сондай адамдар шыққан соң, партиямызды жауып жіберуі мүмкін болған соң байкот жарияладық. Ал, биыл мені партияның 5 үміткері арасынан ұсынып жатыр», - деді Нұрлан Әуесбаев.
Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі