7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз финалда SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынады.
«Нұрдәулет Жұмағалиды Париж Паралимпиадасындағы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Пара жүзу спортындағы осы күнге дейін жиған тәжірибесі мен шеберлігінің нәтижесінде бүгін Париж төрінде күміс медаль олжалап, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты. Бұл жеңісі арқылы ол елімізде пара спорттың дамуына, оны насихаттауға үлкен үлес қосты. Оның жеңіске деген ерік-жігері баршаға үлгі әрі бәріне жігер береді деп ойлаймын. Болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантатынына сенімдімін»,- деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали үшін бұл Паралимпиада ойындарындағы екінші жүлде. Ол Токиода өткен ойында үшінші орынға ие болған еді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?