6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПариж Олимпиадасында финалға жолдама алған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың шешуші сәттегі қарсыласы белгілі болды. Қазақ спортшысы украиналық былғары қолғап шебері Александр Хижнякпен шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, Нұрбек Оралбай - әлем чемпионы (2023), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), жастар арасында әлем чемпионы (2018). Ал оның қарсыласы 28 жастағы Александр Хижняк - Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы (2017), Еуропа Ойындарының жеңімпазы (2019, 2023), Еуропа чемпионы (2017).
80 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын спортшылардың финалдық жекпе-жегі 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні сағат 1:51-ге басталады деп жоспарланып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі