6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай сүйіктісі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тілшілер Астанаға оралған боксшыдан қандай қыздар ұнайтынын сүраған. Себебі бұған дейін былғары қолғап шеберінің анасы ұлын тезірек үйлендіргісі келетінін айтқан болатын.
Нұрбек әлі өз адамын кездестірмегенін алға тартты.
Көреміз. Бірақ менің сүйіктім де, қалыңдығым да жоқ. жүрегім бос, - деді Оралбай.
Дегенмен боксшы биылдан қалмай отбасын құрғысы келетінін де алға тартты. Тиісінше одан қандай қыздар ұнайтынын да сұраған.
Ақылды, иманды, - деп жауап қатты боксшы.
Сырт келбетіне қатысты былай деді:
Бұл туралы ойлаған да жоқпын. Бар ойым Олимпиада чемпионы атану еді. Басқасының бәрін көре жатармыз, - деді Нұрбек.
Бұған дейін Нұрбек әлем чемпионатына дайындалатынын айтқан еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі