Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРахат Әлиевтің анасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиевтің әжесі Минавар Қадишқызы Әлиева өмірден озды. Бұл туралы Нұралы Әлиев өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін менің сүйікті әжем Аника (Минавар Қадишқызы) бізден мәңгілікке аттанып, мәңгілік мекенге көшті. Ол мен үшін ерекше жан еді – мен бала күнімді оның қасында өткізіп, сол кісінің жанында өстім. Әжем менің тәрбиеме зор ықпал етті, өмірімді ұмытылмас махаббат пен ақыл-кеңеске толтырды.
Ол мейірімнің, даналықтың және сұлулықтың үлгісі болды – біздің өміріміздегі шынайы жарық, оның қасынан әрдайым жылылық пен тыныштық сезілетін. Ол әрқашан жүрегімде өмір сүре бермек, - деп жазды Нұралы Әлиев және әжесімен бірге түскен суретін жариялады.
Әлиевтің айтуынша, бұл сурет екі күн бұрын, әжесімен жеке кездесу кезінде түсірілген.
Бұл – мен мәңгі сақтайтын тамаша естелікке айналды, - деп қосты ол.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі