30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚуандық Бишімбаев сотында сөйлеген сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашып, қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін өткен сот отырысында сот сарапшысы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне себеп болған жарақаттарды талдап, түсіндіріп берген еді. Сарапшы манекенге сызып, бас ми жарақаттары жерге немесе қатты затқа құлағанда соншалықты деңгейде болмайтынын айтып, Бишімбаевтың сөзіне қарсы дәлелдер көрсеткен. Көпшілік оның қорғаушы тарап қойған әрбір сұраққа мүдірмей, нақты дәлелмен жауап бергеніне тәнті болған.
Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға рақмет! Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Кешегі күн сүйікті ісіме арнаған 33 жылға татыды!, - деп жазды ол.
Айта кетейік, сотты тікелей эфирден көріп отырған қазақстандықтар Тахир Халимназаровтың кәсіби біліктілігіне тәнті болып, тоқтаусыз алғыс айтқан еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды