6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қазгидромет» РМК 30 маусым мен 2 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Республика аумағының бірқатар бөлігінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.
Батыс және солтүстік-батыс облыстарда күндізгі ауа температурасы +18...+28 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде сынап бағаны +22...+30 градусты көрсетеді.
Оңтүстік аймақтарда аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +23...+35 градус аралығында болады.
Ал шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ыстық ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Бүгін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында да ауа райы құбылмалы болады. Елордада қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Ал Алматы мен Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Соған қарамастан күндіз ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі