23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?АҚШ биологы, генетикалық ақпараттың берілу механизмдерін зерттегені үшін физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дэвид Балтимор 87 жасында өмірден өтті. Бұл туралы New York Times басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ғалым Массачусетс штатының Вудс-Хоул қаласындағы үйінде өмірден өткен. Оның жұбайы Элис Хуанның сөзіне қарағанда, ғалымның онкологиялық ауруы асқынып кеткен.
Балтимор өзіне әлемдік ғылыми бедел әкелген жаңалығын небәрі 37 жасында ашқан. 1975 жылы ол үшін Нобель сыйлығын иеленді. Бұған дейін ғалымдар генетикалық ақпараттың берілуі тек бір бағытта – ДНҚ-дан РНҚ-ға, одан кейін ақуыз синтезіне өтеді деп санайтын. Алайда Балтимор тәжірибе жүзінде кері процестің де мүмкін екенін дәлелдеді: яғни РНҚ-дан ДНҚ-ға. Оның басты жаңалығы – бұл процесті жүзеге асыратын вирустық фермент ревертазаны ашуы еді.
Бұл жетістік ретровирустар мен ВИЧ тәрізді вирустардың табиғатын тереңірек түсінуге жол ашты. Ғалым Нобель сыйлығынан бөлек, АҚШ-тың Ұлттық ғылыми медалі секілді көптеген беделді марапаттарға ие болды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік