6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКлиматтың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болды.
Экскурсия барысында қонақтарға «Берел» Қазақстан аумағында органикалық заттар табылып, сақталған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдар табылып, көпке танымал болған.
Сондай-ақ қонақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттармен танысты.
Айта кетейік, қорық-мұражай қазақстандықтар арасында танымал. Жыл басынан бері «Берелге» бес мыңға жуық турист келген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі