Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАқтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында қазақ тілінде бата беретін орыс ақсақалы тұрады.
Николай Шкапоров қазақ тілінде 300-ге жуық мақал-мәтелді жатқа айтып, айналасын таңғалдырып жүреді.
Ақсақал 77 жаста. Шалқар ауданының Көпмола станциясында туып-өскен. Оның ата-анасы 1930-жылдары Ресейдің Орынбор облысынан қоныс аударды.
«Ата-анам қазақ тілін білмеді, бірақ мен және менің алты бауырым тек сол тілде сөйлесіп өстік», - дейді зейнеткер.
Жақында тойда Николай Иванович 300 адамға батасын берді, ал алғыс ретінде иелері оған шапан жапты.
Оптимист ақсақал белсенді өмір салтын ұстанады, азын-аулақ мал ұстап, бақшасына күтім жасайды.
Қазір ақсақал өз білімін немересі Викторияға үйретіп жүр. Немересі қазақ тілін жақсы біледі, конкурстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды