18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бүгін Мәжілісте ЛГБТ тақырыбына қатысты заңнамалық түзетулер қаралды. Депутат Еділ Жаңбыршин аталған тақырыпқа қатысты кулуарда журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл норманың мақсаты жеке адамдарды қудалау емес, насихатқа шектеу қою екенін атап өтті.
БАҚ өкілдері депутаттан: «Бұл заң тек әлеуметтік желіде насихат жүргізгендерге ғана қатысты ма, әлде қоғамдық жерде ашық әрекет еткендер де жауапқа тартыла ма?» деп сұрады.
Еділ Жаңбыршин соңғы уақытта әлеуметтік желіде ЛГБТ тақырыбын жиі көтеріп жүрген блогерлерге, соның ішінде Niko Net, Амилай есімді жынысын ауыстырғандарға тоқталды.
Біз қоғамға ашық насихатты шектеу үшін бұл норманы енгізіп отырмыз. Бір нәрсені түсіну керек, біз адамның жеке кім екенін қудаламаймыз. Бірақ егер ол өз көзқарасын көпшілікке таратса, насихаттаса, онда заңмен жауапқа тартылады, – деді депутат.
Оның айтуынша, қабылданып жатқан түзетулер адамның жеке өмірін шектеуге бағытталмаған.
Адам өзінің кім екенін жариялап айтуға міндетті емес. Бірақ қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде біржыныстылықты дәріптеу заң аясында қаралады. Бұл норманы журналистер мен қоғам дұрыс түсінуі қажет, – деді Еділ Жаңбыршин.
Депутаттың айтуынша, заң жобасының түпкі мақсаты – ұлттық және моральдық құндылықтарды сақтау, жастарды ықпалдан қорғау
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр