6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық спортшы Никита Чирюкин Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінде тапаншамен жылдам нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап El.kz.
Отандасымыз 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді. Никита Чирюкиннің еншісінде - 31, ал жеңімпазда 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.
Айта кетейік, бұл Ұлттық құрама мергендері Мысырда қол жеткізген төртінші медаль. Рейтингтік Әлем кубогінде 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Оқи отырыңыз:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі