18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Нигерияның Бенуэ штатындағы Йелевата ауылында қарулы адамдар тұрғын үйлерге баса-көктеп кіріп, от қойып кеткен. Нәтижесінде тұрғын үйлер түгелдей жанып кеткен, жүздеген адам жарақат алған, ал ондаған адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы BILD агентігі мәлімдеді.
Қанды шабуыл жұма кешінде басталып, сенбі таңына дейін жалғасқан. Штаттық полиция өкілі Удеме Эдет шабуылды растағанымен, нақты құрбандар саны әлі анықталмаған.
Amnesty International Nigeria ұйымының мәліметінше, жараланғандарға медициналық көмек жеткіліксіз көрсетілуде.
Шабуылды нақты кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Алайда Нигерияның солтүстігінде малшылар мен егіншілер арасында жер мен суға қатысты қақтығыстар жиі кездеседі. Фермерлер негізінен фулани этникалық тобына жататын малшыларды егістік алқаптарын бүлдіріп, мал бағумен айналысады деп айыптаса, малшылар бұл жерлердің 1965 жылдан бері заңмен бекітілген жайылымдық маршруттар екенін алға тартады.
Бұл трагедия дәл осындай шиеленістің аясында орын алған. Бұған дейін Orda басылымы Оңтүстік Африкада тасқын мен қарлы бораннан 50-ге жуық адамның көз жұмғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін құтқарушылар 8 пәтерді өрттен аман алып қалғанын жазған едік.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр