23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Гаага маңындағы автожолда өткен климаттық белсенділердің наразылық акциясында 700-ге жуық адам ұсталды. Бұл туралы DutchNews порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шамамен 700 адам ұсталып, автобуспен АДО Ден Хааг футбол стадионына жеткізіліп, сол жерде босатылды. Алайда 12 адам арандату сияқты құқық бұзушылықтар үшін қамауға алынып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді, – деп жазады портал.
Гаага полициясы наразылық білдірушілерді тарату үшін су атқыштарды қолданғаны айтылды. Ақпарат бойынша, билік бұл автожолда шеру өткізуге рұқсат бермеген және ұйымдастырушылардан оны басқа жерге ауыстыруды сұраған.Наразылық акциясын ұйымдастырған Extinction Rebellion қозғалысы Нидерланд билігінен қазбалы отын көздерін субсидиялауды тоқтатуды талап етеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік