Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыНидерланд үкіметі Еуропадағы ең ірі микрочип өндірушілердің бірі – Nexperia компаниясын өз бақылауына алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шешім биліктің қытайлық бас компания Wingtech арқылы технологиялардың Қытайға өтіп кетуінен қауіптенуіне байланысты қабылданған.
Елдің Экономика министрлігі мұндай қадамды ерекше жағдай деп атап, оны компаниядағы басқарушылық заңбұзушылықтармен түсіндірді. Енді Нидерланд билігі компания басшылығының шешімдерін, егер олар ұлттық немесе еуропалық технологиялық қауіпсіздікке қатер төндірсе, тоқтата тұрады немесе күшін жоя алады.
Сонымен қатар Nexperia компаниясы өндірістік қызметін бұрынғыдай жалғастыра береді. Ал Wingtech өкілдері заңды шара қолдану мүмкіндігін қарастырып жатқанын және бұл жағдайда Қытай үкіметінен қолдау күтетінін мәлімдеді.
Нидерланд билігінің араласуы туралы хабар тарағаннан кейін Шанхай қор биржасында Wingtech акцияларының бағасы шамамен 10%-ға төмендеді.
Бұған дейін Амстердам соты Nexperia директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Сюэчжэнді қызметінен уақытша шеттетіп, оның орнына Қытаймен байланысы жоқ тәуелсіз өкілді тағайындаған болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары