Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіEnergo University жанындағы Dala.edge креативті технологиялар паркі Қаскелен қаласында орналасқан New York Film Academy (NYFA) кампусында оқуға арналған арнайы гранттар конкурсын жариялайды. Аталған байқау креативті индустрияға қызығушылығы бар жастарға арналған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бағдарлама аясында «3D-анимация және визуалды эффектілер» мен «ойын дизайны» бағыты бойынша 100 және 50 пайыздық гранттар ұсынылады.
Байқауға қатысу үшін үміткер креативті жұмыс дайындауы тиіс. Сондай-ақ 2025 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстандағы New York Film Academy кампусының kaz.nyfa.edu ресми сайты арқылы өтінім беруі қажет. Өтінім жолдаған барлық талапкер байқауға қатысушы ретінде автоматты түрде тіркеледі.
Гранттық жоба NYFA халықаралық дипломын шетелге шықпай-ақ алуға бірегей мүмкіндік береді. Оқуын сәтті аяқтаған түлекке Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі академия кампустарында берілетін дипломмен тең арнайы сертификат табысталады. Дәрістерді АҚШ-тан келген оқытушылар жүргізеді.
Айта кетейік, NYFA-ның Қазақстандағы филиалы – Азиядағы жалғыз филиал. 1 наурызда New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен Almaty Energo University жанындағы Креативті индустриялар паркі аумағында филиалдың жұмысын бастау туралы келісімге онлайн қол қою рәсімі өткен болатын, - делінген мәліметте.
Конкурсқа қатысу шарттары мен қосымша ақпаратты https://grants.nyfa-kaz.com/?utm_source=media&utm_medium=organic&utm_campaign=grants ресми сайтынан біле аласыздар.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады