Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМи – адам ағзасындағы ең энергия көп қажет ететін орган, ол барлық ресурстың шамамен 20 пайызын пайдаланады. Сондықтан оның жоғары жұмыс қабілетін сақтау үшін арнайы тағам қажет, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Невропатолог дәрігер Игорь Мацокин Aif.ru порталына берген сұхбатында есте сақтау қабілетін, зейінді және когнитивті функцияларды жақсарту үшін тағам рационында міндетті түрде болуы тиіс негізгі өнімдерді атады.
Маман бес негізгі өнім тобын бөліп көрсетті:
Түсті көкөністер мен жемістер (цитрус, жидектер, шпинат, сәбіз)
Олар құрамында ми жасушаларын зақымданудан қорғайтын антиоксиданттар – С, Е, А дәрумендері мен флавоноидтар бар.
Майлы балықтар (албырт, скумбрия, майшабақ)
Нейрон қабықтарын нығайтып, жүйке импульстарының берілуін жақсартатын омега-3 май қышқылдарының негізгі көзі.
Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар (сұлы, қарақұмық, булгур, киноа)
Күрделі көмірсулардың арқасында миға тұрақты энергия береді, қандағы қант деңгейінің күрт өзгеруін болдырмайды.
Жапырақты көкөністер, бауыр, жұмыртқа және жаңғақтар
Бұлар жүйке жасушаларын қорғап, нейромедиаторлар түзілуіне қатысатын В тобының дәрумендеріне бай.
Су
Дәрігердің айтуынша, тіпті жеңіл дәрежедегі сусыздану да назар қою мен есте сақтау қабілетіне дереу әсер етеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады