Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.
Мүшәйраның шарты бойынша әр ақын екі туынды ұсынады:
Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және тағы басқа).
Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.
Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді. Хатқа
қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.
Бәйге жүлдесі төмендегідей:
Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000;
Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000;
Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000;
Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000;
Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары