Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБүгін Сенат қаржы нарығын дамыту және азаматтарға несие беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Солардың ішінде ең маңызды өзгеріс – алаяқтық жолмен алынған, қарыз алушының келісімінсіз және қатысуынсыз ресімделген несиелерді сотқа дейін есептен шығару мүмкіндігі. Қазіргі заңнамада мұндай қарыздар тек сот шешімі арқылы ғана есептен шығарылады.
Сенаттағы брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов:
Осы заң жобасы аясында алаяқтық жолмен алынған қарыздарды сотқа дейін есептен шығару тетігін енгізіп жатырмыз, – деп атап өтті.
Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушының келісімінсіз алынған несиені сотқа дейін есептен шығаруға міндеттеледі. Бірақ Олжас Қизатовтың айтуынша, егер алаяқтық жолмен алынған несиені қарыз алушы өз еркімен төлей бастаған немесе толық өтеген болса, оған қаражат қайтарылмайды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар