Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде кепілсіз тұтынушылық несиелер мен шағын несиелердің шекті мөлшері шектелуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар банктерде және МҚҰ-да кепілсіз ресімдей алатын кредиттер сомасын шектеу ұсынылады.
Екінші деңгейдегі банктерден кепілсіз кредит сомасын 2200 АЕК (8 122 400 теңге) дейін шектеу ұсынылады. Кепілсіз микрокредит бойынша - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 АЕК-тен (4 061 200 теңге) аспайды. Жаңа нормалар кепіл салынған несиелерге әсер етпейді.
Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады.
Еске салайық, енді елімізде несие алу үшін жұбайының келісімін алу міндеттеледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары