22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКөкшетау қаласында облыстық ассамблеяның қолдауымен және «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының ұйымдастыруымен «Ән – халықтың жаны» ІІІ республикалық фестиваль өтті.
ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы В.Божко, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Тохаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарынан 20-дан астам шығармашылық ұжым мен қоғамдық бірлестіктердің жеке орындаушыларынан барлығы 200-ден астам адам қатысты. Өнерпаздар орыс, славян және казак әндерін шырқады. Сондай-ақ, қазақтың халық әндерін де нақышына келтіре орындады. Фестиваль барлық қатысушылардың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.
«Мемлекеттік тілде орындау» номинациясы бойынша Көкшетау қаласының «Русская песня» ансамблі үздік ұжым болып танылды, олар бірінші дәрежелі дипломмен және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бағалы сыйлығымен марапатталды.
«Хор» және «Вокалды-хореографиялық топ» номинациясы бойынша Нұр-сұлтан қаласынан келген «Раздолье» халықтық ансамблі, «Ансамбль» номинациясы бойынша Павлодар облысынан келген «Иртышские казаки» халықтық казактар ансамблі, «Дуэт» номинациясы бойынша қарағандылық М.Кулишевич пен В.Маловичтің дуэті, «Солист» номинациясы бойынша М. Кулишевич жеңімпаз атанды.
Жүлделі орындарға ие болған барлық өнерпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев