29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПарламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту» тақырыбындағы отырыста депутат Қазыбек Иса балабақшалардағы тіл мәселесін көтерді.
Депутаттың айтуынша, өзі немерелерін Астанадағы қазақ тіліндегі балабақшаға бергенімен, біраз уақыттан кейін олардың орысша сөйлей бастағанын байқаған.
Немерелерім орысша сөйлей бастады. Неге олай болды деп барып қарасам, ол жерде маған қазақша жауап беретін адам табылмады. Қазақ балабақшасы болғанымен, ішінде орыс бөлімдері бар. Жақында өткен күзгі іс-шаралардың бірінде балам Абайдың өлеңін жаттап барған екен. Бірақ ешкім сұрамапты, барлық шара орыс тілінде өткен. Содан кейін баламды ол жерден алып, басқа балабақшаға бердім. Алайда онда да жағдай ұқсас болды. Сол жағалаудан толыққанды қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақша таба алмадым. Кейін арнайы дайындау орталығына бердік, сонда ғана нәтиже болды, – деді депутат.
Қазыбек Иса мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту қажет екенін айтты. Оның пікірінше, жекеменшік те, мемлекеттік те балабақшаларда тәрбие мен оқыту үдерісі ең алдымен мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс.
Жекеменшік болсын, мемлекеттік балабақша болсын, олардың барлығында тәрбие мемлекеттік тілде болуы керек. Мұны мемлекет міндеттеуі қажет. Ертең мектепке барғанда неге қазақ сыныптарындағы бала саны аз дейміз. Кейін мемлекеттік қызметте неге мемлекеттік тілді білмейтін қызметкерлер көп деп таңғаламыз. Өзіміз арпа егіп алып, неге бидай шықпайды деп сұраймыз, – деді мәжілісмен.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек