30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМектеп қызметкерлеріне сыйақы тек жалпы білім беру ұйымының жылдық бюджетінде үнемделген қаражат есебінен ғана төленеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.
«Сыйақы мектептің жалпы жылдық бюджетінде үнемделген қаражат есебінен ғана төленеді», – деді ол.
Брифинг барысында журналист: «Қызметкерлері бес жылға жуық уақыт бойы сыйақы алмаған мектептерде тексеріс жүргізіле ме?» деген сұрақ қойды.
«Әрине, бұл мақсатта тексеріс жүргізу қарастырылмаған. Білім беру жүйесінде арнайы басқару вертикалі қалыптасқанын ескеру қажет. Мысалы, білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері және мектептер бар. Әр ауданның білім бөлімі өз бюджетін жеке қалыптастырады. Айталық, 220 білім бөлімі 8 мың мектептің жылдық қаржылық есебін қабылдап, келесі жылға қаржы қорын бекітеді. Бұл, әрине, сол аудан немесе қаланың қаржылық түсіміне тікелей байланысты. Сыйақы мәселесі – қай ауданда қаржыландыру көздері көп болса, сол жердегі мектептерде қаражат теңдей бөлінген жағдайда сыйақы алу мүмкіндігі жоғары болады», – деді Қаныбек Жұмашев.
Комитет төрағасының айтуынша, сыйақы төлеу мүмкіндігі өңірлердің қаржылық әлеуетіне тікелей байланысты. Ал бұл мәселе тексеріс арқылы емес, жергілікті деңгейде шешіледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды